ҚҰСТАРҒА КҮЗГІ МОНИТОРИНГ Тамыз айының соңынан бастап резерват аумағында құстарға күзгі мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Далалық зерттеу барысында суда жүзетін және су маңында мекендейтін құстар есепке алынып, олардың түрлері мен таралу аумақтары анықталды. Атап айтқанда, тырналар, құтандар, бірқазандар, шағалалар, үйректер мен қаздардың түрлері тіркелді. 📕 Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстардың қатарынан қарабай, қоқиқаз, тарғақ, дала қыраны, қарақұс, ақбас үйрек, сұр тырна, бұйра және қызғылт бірқазан, қарабас өгізшағала және басқа да сирек кездесетін түрлер анықталды. 🔬 Күзгі құстар санағы – биоалуантүрліліктің жай-күйін бағалауға, құстардың күзгі көші-қон динамикасын бақылауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақта табиғатты қорғау шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды ғылыми-мониторингтік жұмыс.