КҮЗГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағында 2026 жылғы 7–9 қыркүйек аралығында күзгі кезеңдегі ғылыми-мониторингтік жұмыстар жүргізілді. Зерттеу барысында резерват аумағында, №1 Алакөл табиғи аймағы мен Торғай зоологиялық қаумалында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген құстардың күзгі есебі жүргізіліп, олардың маусымдық миграциясы мен таралу ерекшеліктері бақыланды. Сонымен қатар, өзендер мен көлдердің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп, фенологиялық алаңдардағы өсімдіктердің жағдайы және табиғи экожүйелердегі маусымдық өзгерістер зерттелді. Далалық жұмыстар барысында Smart құрылғысы арқылы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Ғылыми-мониторингтік жұмыстарға резерваттың Ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері Б. Әбдінабиқызы, К. Күлсейтова, биолог Д. Құлынбай, ғылыми қызметкер А. Жаушабаева және мемлекеттік инспектор Н. Кішкентаев қатысты. 🌿 Жүйелі мониторинг табиғи экожүйелердің жай-күйін бағалауға, сирек кездесетін құстардың популяциясын бақылауға және биоалуантүрлілікті қорғау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?