Арнайы іссапар аясында кездесу өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылық басқармасының басшысы А.С. Бермагамбетов арнайы іссапармен Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватына келіп, резерват қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында резерватта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, қызметтік міндеттерді сапалы орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары қаралып, табиғи аумақтарды қорғау бағытындағы міндеттер айқындалды. Іссапар барысында өрт сөндіру техникаларының жай-күйі де тексеріліп, олардың техникалық дайындығы мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызына назар аударылды. Кездесу қорытындысында резерват аумағында табиғи кешендерді тиімді қорғау, қызметтік жұмыстарды жүйелі жүргізу және алға қойылған міндеттерді сапалы орындау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?