ҚҰС БАЗАРЫ – ТАБИҒАТТЫҢ КЕРЕМЕТ КӨРІНІСІ Көктем мен жаз мезгілінде Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватының су айдындары сан алуан құстардың мекеніне айналады. Бұл кезеңде су маңында шағалалар, бірқазандар, үйректер, қоқиқаздар, қаздар және басқа да су маңы құстары шоғырланып, табиғатта ерекше көрініс қалыптастырады. Әсіресе көктемгі және жазғы маусымда құстардың көбеюі, балапан басып шығаруы және қоректенуі үшін су айдындарының маңы қолайлы орта болып табылады. 🐦 Құс базары – құстардың жаппай шоғырланып, өзара тіршілік әрекетін жүзеге асыратын табиғи құбылыстардың бірі. Мұндай орындар биоалуантүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Резерват аумағындағы көлдер мен сулы-батпақты алқаптар көптеген құс түрлерінің мекендеу, қоректену, ұялау және маусымдық қоныс аудару орындары болып саналады. Сондықтан бұл табиғи аумақтарды қорғау – құстар әлемін және жалпы экожүйенің тұрақтылығын сақтаудың маңызды шарты. 🌱 Табиғаттағы әрбір құстың өз орны бар. Құстарды қорғау – табиғатты қорғау! Табиғатты аялайық, құстарға қамқор болайық!

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?