Емге шипа — Ыстық атпаны білесіз бе? ЕҚТА-тың қорғау аумағындағы, Шалқар тебіздің оңтүстігіндегі құм жиектегі жер астындағы су өткізбейтін, қатты қабаттар арасынан күшті қысыммен жер бетіне шығып жатқан, бірнеше артезианұңғыларының сулары Ақсұлумола, Ыстық атпа, Жар атпа, Жылы атпа, Сарбұлақ жасанды су қоймалар алабын құрайды. Атанбасы участігіндегі «Ыстық атпа» бұдан 20 жылдай бұрын шаруа қожалықтары үшін қазылған. Жер астынан шығып жатқан су бүгінде үлкен көлге айналған. Пайдалана келе аптаның емдік қасиеттері бар екендігі білінген. Адам денесіндегі жаралар, әр түрлі дақтар осы атпаға бір-екі рет түссе жазылып кететін болған.​​ ‼️2009 жылы қазан айында республика «Денсаулық сақтау Министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы» арқылы сараптау жұмыстары жүргізіліп, аптаның суының емдік қасиеттері ғылыми негізде дәлелденген. Зерттеу нәтижесінде су құрамында әлемде өте сирек кездесетін радон элементі табылды. Жер астынан ыстық күйінде шығып жатқан минеральды қайнар көздерінің құрамында хлорид, калий, нитрат, темір, фтор, борға өте бай, сонымен қатар, аздаған мөлшерде кобальт, никель, мыс т.б. элементтері бар. Минералды су бірнеше ауруларға шипа болып саналады. Мысалы, тірек-қимыл аппараты мен асқазан-ішек жолдары, бүйрек аурулары және құрамында фторы бар минералды сулар көбінесе тері аурулары, гинекология және гастроэнтерологиядағы әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолданылады.Ыстық минералды судың температурасы +35,+40 С. Бүгінде «Ыстық атпаға» шалғай аудандардан келіп, табиғи минералды судың қасиетін пайдаланатын адамдар саны артып келеді. Нысан экотуризм мен сауықтыру туризмін дамытуға қолайлы табиғи орындардың бірі болып табылады.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?