2024 жылдың 11 сәуір күні Ырғыз-Торғай резерватының ғылыми қызметкерлері республикалық «Парктер шеруі-2024» табиғатты қорғау акциясы аясында Шалқар ауданының №2 мектеп гимназиясы және №3 ЖББОМ-де оқушыларымен кездесіп, «Резерваттың биоалуантүрлілігі» және «Өрт тілсіз жау!» тақырыбында экологиялық дәріс оқыды.
📌 Шараның мақсаты: көрші аудандарды Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының жұмыстарымен таныстыру, табиғат қорғау акциясының маңыздылығын насихаттау және жастарды табиғатты аялауға, қорғауға шақыру.












