Бұл күн кездейсоқ таңдалмады, дәл осы күні көрнекті қазақстандық ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келді.Ұлы ғалымның бүгінде қазақстандық ғылымды дамытатын көптеген ізбасарлары бар.
Біз өз ісіне берілген және ғылымның дамуына үлкен үлес қосатын ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.
Құрметті ғылым қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Күнделікті қажырлы еңбегіңіз үшін, бірегей идеяларыңыз үшін, стандартты емес тәсілдер мен батыл эксперименттер үшін алғыс айтқым келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, жаңашыл идеялар мен жаңа жаңалықтар тілейміз!







