Республикалық «Парктер шеруі-2024» акциясы аясында Ырғыз-Торғай резерваты қызметкерлері көрші облыс Қызылорда облысы Арал қаласына іс – сапармен барды. Барсакелмес қорығымен бірлесіп, Арал қаласы Ұ.Қараманов атындағы N262 мектеп-гимназиясы және Оқушылар үйінде оқушылармен «Резерват тынысы» атты экологиялық шара өткізді. Шара барысында резерват туралы презентация көрсетіліп, территориядан табылған әртүрлі тастар, Жаманшың кратерінің тастары және дәрілік өсімдіктер гербарийлері көрмеге қойылды. Оқушыларда ән мен жырдан шашу шашып, жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында оқушыларға ақпараттық үн-парақтар таратылды.





