🌿Халықаралық Жеркүні 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді және 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын атап өтіледі.
🌿Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.
📢Қызықты деректер:
* Ғалымдардың есебі бойынша, Жер планетасына 4,5 миллиард жыл болды. Ғаламшардың бетінен ортасына дейінгі қашықтық 6378 шақырымға тең.
* Жердің салмағы 6600000000000000000000000 кг.
* Жер – Күн жүйесіндегі барлық планеталардың ең тығызы, оның тығыздығы 5,515 г/см3.
* Біздің планетамыздың бетінің 72 пайызы сумен жабылған.
* Жер бірнеше қабаттардан тұрады: атмосфера, литосфера және гидросфера, оларда бір – биосфераға біріктірілген.
* Жердің литосферасы үздіксіз қозғалыста. Тектоникалық плиталардың соқтығысуымен бөлінуі нәтижесінде жер сілкінісі және жанартау атқылауы орын алады.
* 2009 жылы Жердің ең дәл топографиялық картасы шығарылды.
Осы экологиялық атаулы күнге орай мекеме келу орталығында ғылыми қызметкерлер мен мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен «Жер- біздің ортақ үйіміз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды және шара соңында мекеме ауласын тазалап, ағаш көшеттерін мекеме қызметкерлері бірге отырғызды.









