ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2024 ж наурыздағы №27-2-17/646-И хатын басшылыққа ала отырып, “Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты” РММ 20 наурыздағы №01-03/60-НҚ бұйрығына сәйкес республика бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда «Парктер шеруі — 2024” акциясы өз жұмысын бастаған болатын. Осы акция аясында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері Ырғыз ауданының Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-де оқушылармен кездесіп, » Орман – ел байлығы», «Далалық өртінің зияны » тақырыбында экологиялық лекция оқыды.





