“Парктер шеруі – 2026” акциясы өз мәресіне жетті! 5 маусым — қоршаған ортаны қорғау күніне орай , Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны аялауға бағытталған дәстүрлі «Парктер шеруі – 2026» акциясы қорытындыланып, өз мәресіне жетті. Жалпы акция аясында экологиялық сенбіліктер, ағаш отырғызу, табиғатты қорғау бағытындағы танымдық кездесулер, көрмелер мен түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Акцияның салтанатты жабылуы кешінде байқауға қатысқан оқушылар мен ұстаздар марапатталып, сыйлықтар тапсырылды. Екі айға созылған Іс-шара 5000 жуық адам адам ат салысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Бұл іс шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру және туған жер табиғатына деген жанашырлық сезімді нығайту болды. Акцияға белсене қатысып, табиғатты қорғау ісіне үлес қосқан барлық мекемелерге, ұстаздарға, жастарға және тұрғындарға алғыс білдіреміз.