ЕҚТА-ның шекарасына жақын орналасқан елді мекендер мен қаумал аумағындағы шаруа қожалықтары арасында табиғатты қорғау бағытында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындар мен шаруа қожалық иелеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігі ережелері, заңсыз аң аулау мен табиғатқа зиян келтіретін әрекеттердің алдын алу жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, табиғи аумақтардың биоалуантүрлілігін сақтау, жануарлар дүниесін қорғау және тазалықты сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

03

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?